«Комедия жанрының хас шебері» атты драматург Жан Батист Мольерге арналған кеш

22.04.22 ж. Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның залында Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана мен М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің ғылыми кітапханасының бірлесе ұйымдастырған «Библиотур» жобасы аясында француз драматургы Жан Батист Мольердің өмірі мен шығармашылығына арналған «Комедия жанрының хас шебері» атты композиция кеші өтті.

Кеште шетел тілдері кафедрасының ИЯ-15 топ студенті Нұрғалиева Айгерім француз тілінде Жан Батист Мольердің қысқаша өмірбаянын айтып, өлеңін де оқыды. Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана директоры атынан студент Нұрғалиева  Айгерім  белсене қатысқаны үшін арнайы марапатқа ие болды.


Печать