АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ
Академиялық ұтқырлық – ЖОО-ның студенттері мен оқытушыларын белгілі бір мерзімге ел ішіндегі немесе шет елдік университетке оқу немесе оқыту мақсатымен жіберу.
Академиялық ұтқырлықтың негізгі кедергілері мәдениет, қоғамдық-экономиялық және академиялық кедергілер болып табылады. Болондық процесс Еуропалық білім беру кеңістігі (ЕББК) төңірігінде осы мәселелерді шешу үшін арналған
Үздіксіз білім беру жүйесінде студенттердің академиялық ұтқырлықтарының дамуы, Болондық процесс құралдарының бірі, өзіндік оқу немесе профессионалдық қызметте теориялық және практикалық тәжірибені толтыруға көмектеседі, сонымен қатар профессионалдық жіне жеке тұлға ретінде дамуға.
Академиялық ұтқырлық заманауи білім берудің ажырамас бөлігі болып табылады, және де болашақта өсіп өне береді. Академиялық ұтқырлық университеттің миссиясын жүзеге асыруға көмектеседі, жоғарғы білім берудің сапасын арттырады, ғылыми зерттеулердің тиімділіктерін арттырады, басқару жүйесінің дамуына, ішкі және сыртқы интегралды процесстерді және байланыстарды ұстауға көмектеседі. Еңбек нарығында түлектеріміздің бәсекеге қабілеттіліктерін қамтамасыз ету үшін, кафедрада оқу бағдарламаларын жетілдіру, игнтегралдық оқу жоспарларын ойластыру, оқу курстары мен ғылыми зерттеулер жүзеге асырылуда.
2018-2019 оқу жылы
2018-2019 оқу жылының 1 семестрінде, 10 қазан мен 07 қараша айларында кафедрада Загреб университетінің профессоры (Хорватия) доктор Мартин Арндт жұмыс жасады. Ол неміс тілінен 11 практикалық сабақ өткізіп, жүргізген сабақтарға анализ жасады. 24.10.2018ж. доктор Мартин Арндт «шет тілі: екі шетел тілі» мамандығы, 3 курс студенттеріне неміс тілінде “Massenmedien in unserem Leben” атты видесабақ жүргізді. Видеосабақта бұқаралық ақпарат құралдарының біздің өміріміздегі орны жайлы әңгіме қозғалды. 31.10.2018ж. доктор Мартин Арндт «шет тілі: екі шетел тілі» мамандығының 4 курс студенттеріне оқытылатын тілдің әдебиеті пәнінен “Hamlet as political drama” атты лекция оқыды. 31.10.2018ж. доктор Мартин Арндт шет тілдері кафедрасының оқытушыларына «Шет тілдерін оқыту әдістемесі» атты мастер-класс өткізген болатын. Мастер-класс, сабақтар, видеосабақтан басқа, Мартин Арндт М.Өтемісов атындағы БҚМУ, шет тілдері кафедрасының аға оқытушылары Нурушева Т.И. мен Кадыргалиева С.И. «Особенности использования новых технологий при обучении чтению на уроках иностранного языка» атты ғылыми мақаласына пікір жазды.
2018-2019 оқу жылының 1 семестрінде, 15 қараша мен 12 желтоқсан аралығында кафедрада Ирландия ұлттық университетінің (Гэлвэй қ., Солтүстік Ирландия) аға оқытушысы, профессор PhD Лаура Инкалькатерра жұмыс жасады. Ол 27 практикалық сабақ, 1 лекция, оқытушыларға арналған 1 мастер класс өткізіп, өткізген сабақтарға анализ жасады. 04.12.2018ж. Лаура Инкалькатерра Ия-12 топ студенттеріне “Fear of flying” атты видео-сабақ жүргізді. 05.12.2018ж. шет тілдері кафедрасының оқытушыларына “Language Teaching” атты мастер-класс өткізген болатын. 10.12.2018ж. Ия-31, Ия-32, Ия-33, Ия-34, Ия-35 топтарына “Translation Studies” атты дәріс оқылды. Лаура Инкалькатерра шет тілдері кафедрасының оқытушысы, магистр Есбергенова Гульнар Исамадиновнамен бірге “New Paradigms in Online Learning: Comparing FutureLearn and Blackboard platforms for online language courses” атты мақала жазуда. Осыдан бөлек, Лаура Инкалькатерра шет тілдері кафедрасының аға оқытушысы Бекмухамбетова Салтанат Булатовнаның француз тілінен әдістемелік құралына пікір жазды. Сонымен қатар, шет тілдері кафедрасының оқытушылары мен студенттеріне арналған италян тілі (А1) курсы өтті. Оқытушылар мен студенттер 11 желтоқсан күні дипломдармен марпатталды.
2018-2019 оқу жылының 1 семестрінде, 21 қараша мен 12 желтоқсан аралығында кафедрада Өндірістік лингвистика ұлттық университетінің (Конин қ., Польша) профессор Барбара Левандовска-Томасзчык жұмыс жасады. Ол 8 практикалық сабақ, 1 лекция, оқытушыларға арналған 1 мастер класс өткізіп, өткізген сабақтарға анализ жасады. Барбара Левандовска-Томасзчык 27.11.2018ж. Ия-41, Ия-43 топтарына “Language and Cognitivism” атты дәріс оқыды. 04.12.2018ж. Барбара Левандовска-Томасзчык Ия-41, Ия-43 топтарына “Language and Culture: British and American Identities” атты видео-сабақ жүргізді. 05.12.2018ж. шет тілдері кафедрасының оқытушыларына “Current Issues in Linguistics and Applications: Cognitive and Corpus approaches” атты мастер-класс өткізген болатын. Барбара Левандовска-Томасзчык шет тілдері кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Утегалиева Бибигуль Бурхановнамен бірге атты “Culture and meaning re-conceptualization” және “Cultural Models of family and home in English and Kazakh” 2 мақала жазуда. Осыдан бөлек, Барбара Левандовска-Томасзчык, Лаура Инкалькатерра мен Есбергеновой Гульнардың “New Paradigms in Online Learning: Comparing Future Learn and Blackboard platforms for online language courses” атты мақаласына пікір жазуда.
Қазіргі кезде, «шет тілі: екі шетел тілі» мамандығының магистранттары Кенжебаева Айсауле және Кенжебаева Катыша Иоган Гутенберг атындағы Майнц университетінде академиялық ұтқырлық бойынша оқып жатыр. Академиялық ұтқырлық бойынша К.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің студенті Серик Садыков БҚМУ-да Ия-22 тобында семестрлік оқуын оқып жатыр.
М.Өтемісов атындағы БҚМУ-да 6 шет елдік студенттер оқып жатыр: 2 Ресей елінен (Ермагамбетов Тимур Мухтарович, Уразгалиева Карина Тлеуовна) және 4 Өзбекстан елінен (Кенесбаева Гузал Сарсенбайқызы, Нуримова Зарина Калбаевна, Оразгалиева Гулмира Жамбыловна, Кабылбаева Арайлым Абайкызы).
07.12.2018ж. М.Өтемісов атындағы БҚМУ-да оқытушы, Fulbright шәкіртақысының иегері АҚШ-тан келген Джозеф Уилсон “Academic Writing” атты докторантура мен магистрантураға тапсыратын оқытушылар мен студенттерге арналған семинар өткізді. 08.12.2018ж. БҚО-да Х.Есенжанов атындағы балалар мен жастар кітапханасында америка елшілігі ұйымдастырумен өңірлік “Spelling bee” атты конкурс өткен болатын. Конкурстың ұйымдастырушылары мен әділқазылары Навира Каримовна, Джозеф Уилсон, Джошуа Дюфор и Есбергенова Гульнар Исамадиновна. Конкурсқа Орал қаласындағы университет пен колледж студенттері қатысты. М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дағы «шет тілі: екі шетел тілі» мамандығының Ия-11 студенті Лукпанова Аружан 2 орын алып, дипломмен марапатталды. Қазір ол Республикалық “Spelling bee” конкурсына дайындалуда.
2019-2020 оқу жылы
ПОҚ, «шет тілі: екі шет тілі» мамандығы студенттері мен магистранттары шет тілдері кафедрасының халықаралық шараларына белсенді түрде қатысуда. Қазіргі уақытта «шет тілі: екі шет тілі» мамандығының 4 студенті академиялық ұтқырлық бойынша ҚР қалаларында және шет елдерде оқып жатыр. Олар: Лезова Аружан және Орынбасарова Анара Ұлы Казимир университеті (Быдгощ қ., Польша), Рахымгали Сымбат Х.Досмухамедов ат.Атырау мемлекеттік университеті (Атырау, Қазақстан), Михальченко Иван Қ.Жұбанов ат.Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті (Атырау, Қазақстан).